Жаңаөзен қаласының әкімі Серікбай Тұрымов қала атының өзгермейтінін мәлімдеді деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.
Қазан айында жергілікті бір топ ақсақал қала атын Бекет ата деп өзгертуге ұсыныс жасаған еді. "Бұл ұсынысқа ешкім қолдау танытпады. Бұдан соң оны талқылау орынсыз болмақ. Қала атын өзгерту - уақыт талабы және ол республикалық деңгейде шешілуі керек. Дегенмен, тұрғындардың пікірі ескерілуі тиіс. Алайда, 16 желтоқсан күні Жаңаөзеннің аты ауысады деген әңгіме - өтірік" деген қала әкімі Серікбай Тұрымов.
Қала атын өзгерту туралы ұсыныс біраз талқыланып, жергілікті халықтың көпшілігі оған қарсылық танытқан еді.