Қазақстандық құқық қорғаушылар "елде адам құқықтарының жағдайы нашарлап барады" дейді, "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша.
Дүйсенбіде Алматыда өткен баспасөз жиынында халықаралық "Әділ сөз" баспасөз құқықтарын қорғау қорының өкілі Ғалия Әженованың айтуынша, биыл ақпарат құралдары жиі қысымға алынып, журналистер көп шабуылға ұшыраған.
"Биылғы басты айыптау - "әлеуметтік араздықты қоздыру" болды. Қазір "экстремизммен күрес" желеуімен ұнамсыз ақпарат құралдарымен, "өзгеше ойлайтындарман" күрес жүріп жатыр. Мұның барлығы - демократия жолында кері кету" дейді Әженова.
10 желтоқсан - БҰҰ-ның дүниежүзілік адам құқықтары күні. 1948 жылы осы күні БҰҰ Бас ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдаған сессиясы ашылды. Декларацияның заңдық күші болмағанымен, оның негізінде адам құқықтары туралы 60-тан астам пакт қабылданған.