Accessibility links

Молдовада Назарбаевтың мүсіні орнатылды


Нұрсұлтан Назарбаевтың Молдованың құрамындағы «Гагауз Ері» автономиясында қойылған ескерткіші. Сурет Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми сайтынан алынды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Молдованың құрамындағы «Гагауз Ері» автономиясында қойылған ескерткіші. Сурет Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми сайтынан алынды.
10 желтоқсанда Молдова құрамындағы Гагауз автономиялық аймағының астанасы Комрат қаласында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш мүсін қойылды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

Министрліктің дерегінше, түркі тілдес гагауздер тұратын автономияның басшылығы түркі тілдес елдер қайраткерлерінің мүсіндерін Комрат қаласындағы даңқ саяжайына қою туралы шешім қабылдаған. Ондағы Назарбаевтың мүсінін мәскеулік маман Константин Константинов жасаған.

Ресми ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Гагаузияның басшысы Михаил Формузал: «Нұрсұлтан Назарбаев өз мемлекетін сақтай отырып, Қазақстанның әлем алдындағы халықаралық беделін көтерді. Бұл - өз еліне қызмет жасау үлгісі және бізге, ұрпақтарымызға өнеге» деген.
XS
SM
MD
LG