Сот 14 шекарашы мен бір орманшыны өлтірді деп айыпталған Владислав Челахты өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесті деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
Сейсенбі түстен кейін шыққан үкімді оқыған Талдықорғанның мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы Ербол Ахметжанов Челахтың ерекше режимдегі колонияға жіберілетінін айтты.
Бұған дейін прокурор Александр Кирияк соттан Владислав Челахты "кісі өлтірді, өзгенің мүлкін жымқырды, әскери қызметтен қашты" деген айыптар бойынша кінәлі деп тауып, өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұраған еді.