Accessibility links

Сириялық босқындар саны жарты миллионнан асты


Иорданияның Мафрак қаласындағы лагерде отырған сириялық босқын. 29 тамыз 2012 жыл.
Иорданияның Мафрак қаласындағы лагерде отырған сириялық босқын. 29 тамыз 2012 жыл.
БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттігінің деректері бойынша, Сириядағы қарулы қақтығыстан қашқан босқындар саны жарты миллион адамға жеткен. Қазір Ливан, Иордания, Ирак, Түркия және Солтүстік Африка елдерінде тіркеуде тұрған немесе босқын мәртебесін алуға өтініш білдірген босқындар саны 510 мыңға жеткен.

Күн сайын үш мыңға тарта сириялық бас сауғалап, шетел асып кетеді. Кейбір мәліметтерге қарағанда, шамамен 250 мыңға тарта сириялық Түркия, Египет және Ливанға өтіп кеткен. Бірақ ресми түрде босқын мәртебесін алуға өтініш білдірмеген.

Сирияда президент Башар Асадтың режиміне қарсы әуелі халық толқулары басталып, оның көтерілісшілермен қарулы қақтығысқа ұласқанына бір жарым жылдан асты.
XS
SM
MD
LG