"Дін істері агенттігі e-islam деп аталатын интернет порталын жасайды" деп хабарлады ведомство төрағасының орынбасары Ғалым Шойкенге сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігі. Ғалым Шойкен бұл жайында сәрсенбіде Астанада өткен "Интернетті пайдалану арқылы Қазақстан тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру" деген дөңгелек үстелде айтқан.
"2013 жылдың алғашқы тоқсанының соңына қарай сайт құру жұмысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Біз дін істері агенттігі атынан біртұтас портал құрып, оны бір жүйеге келтіргіміз келеді. Жастардың дінге деген қызығушылығы артып келе жатыр. Жөні түзу сайттардың жоқтығы жастарды күмәнді интернет ресурстарын іздеуге мәжбүрлейді" деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, портал мазмұны діни сипатта ғана емес, "рухани және ағартушылық" сипатында да болады.