Accessibility links

Қарағандыда 13 вагон теміржолдан шығып кетті


Рельстен шығып кеткен пойыз вагондары. Өзбекстан, 21 тамыз 2009 жыл. (Көрнекі сурет).
Рельстен шығып кеткен пойыз вагондары. Өзбекстан, 21 тамыз 2009 жыл. (Көрнекі сурет).
Қарағанды облысы аумағында жүк пойызының вагондары теміржолдан шығып кетіп, тоғыз бағытқа қатынайтын пойыздар межелеген жеріне белгіленген уақытынан кеш баратын болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігіне сүйенген "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі хабарлады.

Министрліктің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Железорудная-Достық бағыты бойынша жолға шыққан, құрамында 48 вагоны бар жүк пойыздың 13 вагоны сәрсенбі күні түс кезінде Ақтасты-Шоқай станцияларының аралығында рельстен шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Түстен кейін рельстен шығып кеткен барлық вагон жолдан алынып, Шоқай станциясына дейінгі жол ашылған.

Бейсенбі таңертеңгі ақпарат бойынша, "Алматы-Қостанай", "Бішкек-Екатеринбург", "Қарағанды-Қостанай", "Алматы-Павлодар", "Астана-Алматы", "Сарыағаш-Астана", "Қызылорда-Көкшетау", "Алматы-Астана" бағытында қатынайтын пойыздар белгіленген уақыттан кеш барады.
XS
SM
MD
LG