Азаттық жариялаған «Бүгінгі жастың бейнесі» байқауына оқырмандар жіберген фотосуреттер.
Фото-байқауға келген суреттер (13-14 желтоқсан)

1
87 жастағы атамның еңбекқорлығы. Қос немересінің алдында өзінің бар білгенін үйретіп жүрген атам. Толассыз еңбектің арқасында атамның 87 жасты еңсеруі бүгінгі жастарға үлгі болсын деген ниетпен суретті жолдадым. Жүктеген Абылайхан Жұмашев.

2
Ағасы мен қарындасы. Шалатай Меруерттің құлағын бұрап шыңғыртып жатыр. Жүктеген Жасұлан Шардарбеков.

3
Балалық шаққа саяхат. Кішкентай баланың бейнесін көрсеткіміз келді. Жүктеген Абылайхан Жасанұлы.

4
Аяз ата. Алматылық "современный" Аяз ата ұялы байланыспен бас киімін іздестіріп жатыр. Жүктеген Тәкең.

5
Балықшы. Арыс өзенінде балық аулауға барғанда. Менің досым және мен. Мен суретке түсіріп тұрдым. Жүктеген Жасұлан Шардарбеков.

6
Каратист. Алматыға алғашқы қар түскендегі сурет. Жүктеген Абылайхан Жұмашев.

7
Бурабайдағы демалыс. Мен жылқы жануарын жақсы көремін. Бурабайдағы демалыс кезінде достарымның бірі ат мініп жүргенімді суретке түсіріп алды. Жаман емес сияқты. Бұл демалыс мәңгі есімде қалады. Жүктеген Риза.

8
Бейне баян түсіріп жатқан жас оператор. Жүктеген Asselbek Kuttybek.

9
Жетімдер үйінде. 11-і күні Алматыдағы Жетім балалар үйіне достарыммен барып, тосын сый жасауды ұйғардым. Ананың ыстық мейірімінсіз қалған бейкүнә бүлдүршіндердің көңілін бір серпілтіп тастадық. Сол сәтті суретке түсіріп алып едім. Жүктеген Абылайхан Жұмашев.

10
Қазақстан болашағы үшін! Наразылар жиынына қатысқан жас социал-демократтар. Жүктеген Тазабек Самбетбай.

11
Шығармашылық бала кезден басталады. Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі Тілеуғазы Байғалиев шәкірттері - мүмкіндігі шектеулі балалардың көрмесінде. Жүктеген Бейбіт Стамғалиев

12
Балалар бақытты болса, ата-аналар бақытты! Жүктеген Бейбіт Стамғалиев.

13
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы Белдеулі керуен-сарайындағы қазба барысында кішігірім мешіт-намазхана анықталды. Бұл Алтын Орда заманына жататын керуен-сарайдың қай кезеңге дейін қызмет істегені дәл анық емес. Сол Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғайлы жұрттарынан кейінгі осы "ғимаратта" жасалған сәжде. Жүктеген Ғалымжан Қиясбек.