Accessibility links

HRW: Қазақстан БАҚ-ты қудалауды тоқтатуы тиіс


Human Rights Watch ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).
Human Rights Watch ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).
"Қазақстан үкіметі оппозициялық топтар мен тәуелсіз ақпарат құралдарына қарсы қудалауын тоқтатуы тиіс" деп мәлімдеді халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы 14 желтоқсанда таратқан мәлімдемесінде.

Ресми сайтында жариялаған мәлімдемесінде ұйым Қазақстан билігінің осыдан бір жыл бұрын 16-17 желтоқсанда Жаңаөзенде болған оқиғалар туралы хабар таратқан оппозициялық топтар мен ақпарат құралдарын қудалап отырғанын айтады.

"Мұндағы ең бір түсініксіз нәрсе - елдегі адам құқықтарының жағдайы шиеленісіп тұрғанда Қазақстанның БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесіне мүшелікке қабылдануы" дейді ұйымның Орталық Азия аймағы бойынша өкілі Михра Риттман.

"Халықаралық қауымдастық Қазақстандағы адам құқықтарының аяққа тапталуын айыптап, қуғын-сүргінге жол бермеуі керек" деп жазылған мәлімдемеде.
XS
SM
MD
LG