Accessibility links

ЕО Грекияға 49 миллиард еуро бөледі


Еуропа Одағы мен Грекияның туы.
Еуропа Одағы мен Грекияның туы.
Еуропа Одағына (ЕО) мүше 17 елдің қаржы министрлері Грекияға кезекті көмек қаржы - 49,1 миллиард еуро бөлу туралы келісімге келді. ЕО-ның экономикалық мәселелер жөніндегі комиссары Олли Рен "Грекияда бірнеше айға созылған қаржы тапшылығынан туындаған мәселе шешілді" деді.

Грек үкіметі қаржы тапшылығынан құтылу үшін кредиторлар қойған талапты жеделдетіп орындауға кірісті.

Қаржы министрлері Грекияға қаржы бөлу туралы шешімді "2014 жылдан бастап ЕО банкілерінің қызметін қадағалау" туралы ортақ ереже бекітілген соң қабылдады.

Жаңа ереже бойынша, Еуропа банкі ЕО елдеріндегі ірі 150 банктің қызметіне бақылау жасамақ.
XS
SM
MD
LG