Accessibility links

"Алға" белсендісіне айыппұл салды


Петропавловск қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты тіркелмеген "Алға" партиясының белсендісі Сергей Измаиловқа 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (32 мың 360 теңге) айыппұл салды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне белсендінің өзі хабарлады.

Айтуынша, оны "билікке қарсы тұрды және сот орындаушыларының қызметіне кедергі келтірді" деп айыптаған.

Измаилов "мен сот орындаушыларының "Алғаның" жергілікті филиалы кеңсесін тәркілеу барысын видеожазбаға түсіргенім үшін соттап отыр" дейді. Оның сөзіне қарағанда, "сот орындаушылары кеңсені негізсіз тәркілеген".
XS
SM
MD
LG