Accessibility links

Ресей Башар Асадтың болашағына күмән келтірді


Сирия президенті Башар Асад (сол жақта) пен Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богдановтың кездесуі. Дамаск, 29 тамыз 2011 жыл.
Сирия президенті Башар Асад (сол жақта) пен Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богдановтың кездесуі. Дамаск, 29 тамыз 2011 жыл.
Сирия көтерілісшілерінің жетекшілері мен АҚШ Ресей басшылығының Сирия президенті Башар Асад режимінің болашағына күмән келтірген мәлімдемесін құптай қабылдады.

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары және Кремльдің Таяу Шығыс мәселелері бойынша өкілі Михаил Богданов бейсенбіде "Башар Асадтың қарсыластары 20 айға созылған қақтығыста жеңіске жетуі мүмкін" деп мәлімдеген еді.

АҚШ мемлекеттік департаменті Ресейдің бұл мәлімдемесін "нақты жағдайды енді ғана бағамдап, Асад режимінің күні санаулы екенін түсініп келе жатыр" деп бағалады.

Сирия көтерілісшілерінің саяси жетекшісі Муаз әл-Хатиб "Ресей пайдасыз іске осы уақытқа дейін қолдау білдіріп келіп, енді одан бас тарту жолын іздестіріп жатыр" деді.

Ресей осы уақытқа дейін бірнеше рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Башар Асадты биліктен кетіру әрекетіне жол бермеген еді.
XS
SM
MD
LG