Accessibility links

Ыдырысов Мұсабаевтың сөзін түзетті


Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов. Прага, 23 қазан 2012 жыл.
Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов. Прага, 23 қазан 2012 жыл.
Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов «Қазғарыш» ұлттық агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаевтың Байқоңырға байланысты сөзін ақпарат құралдарының көбі бұрмалап берді» деп мәлімдеді.

«Қазақстан Ресеймен арадағы ғарышқа байланысты әріптестігін доғарады деген сөздер айтылды. Бұл мүлдем жалған» деді министр Ыдырысов, «Интерфакс-Казахстан» агенттігінің хабарлауынша.

Ыдырысовтың айтуынша, Мұсабаев «Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағының кеңейтуге қатысатынын, ғарыштық қуатын сапалы дамытуға тырысатынын, бірақ мұны Ресейге кереғар емес, онымен біріге отырып жасайтынын айтпақ болған».

Министр 19 желтоқсанда Мәскеуде Қазақстан мен Ресей президенттері кездесіп, ғарыштық жобалардағы әріптестік мәселесін де талқылайтынын айтты.

«Қазғарыш» ұлттық агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаев «Қазақстан Ресеймен Байқоңыр ғарыш айлағын жалға алу шартын біртіндеп тоқтату туралы келіссөздер жүргізіп жатыр» деп мәлімдеген еді 10 желтоқсанда.

Байқоңыр ғарыш айлағын 2050 жылға дейін жалға алған Ресей Қазақстанға жылына 115 миллион АҚШ долларын төлейді.
XS
SM
MD
LG