Accessibility links

Әлемдегі дін өкілдерінің саны айтылды


Меккеге қажылыққа барған адам. Сауд Арабиясы, 9 қараша 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Меккеге қажылыққа барған адам. Сауд Арабиясы, 9 қараша 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Вашингтондағы (АҚШ) Pew зерттеу орталығы әлемдегі діндердің қанша өкілі бар екені жайлы зерттеуін жариялады.

Ұйымның дерегінше, жер бетіндегі халықтың 2,2 миллиарды өздерін христианбыз деп біледі. Мұсылмандар - 1,6 миллиард адам, ешбір дінге қатысы жоқ жандар - 1,1 миллиард адам. Зерттеуге қарағанда, соңғы топтың діни не рухани танымдары бар, бірақ олар өздерін әлдебір дінмен байланыстырмайды. Ешбір дінге қатысы жоқ адамдардың 700 миллионы Қытайда тұрады дейді ұйым.

2010 жылы 230 елден дерек жинаған зерттеуге қарағанда, әлемде 1 миллиард индуизм, 500 миллиондай буддизм, 14 миллион иудей діні өкілдері бар.
XS
SM
MD
LG