Accessibility links

Алматыда жүздеген үйге жылу қайта берілді


Үйдің шатырына қатқан мұз. (Көрнекі сурет).
Үйдің шатырына қатқан мұз. (Көрнекі сурет).
"Алматының Әуезов ауданында сейсенбіде жарылған жылу құбыры қайта жөнделді" деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

Бұған дейін қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Азаттық тілшісіне құбыр жарылуынан Ақсай-1,2, 4 және Ақсай-5 ықшам аудандарындағы 180 тұрғын үй мен 5 балабақша, 8 мектептің жылусыз қалғанын хабарлаған еді. Департаменттің дерегінше, сейсенбіде Маречек көшесінің бойында орналасқан жылу магистралы жарылған.

"Қазақстан жаңалықтары" агенттігінің хабарлауынша, Қарағандының Қаражал қаласында да қатты аяздан су таратқыш жарылып, бір мыңға тарта адам тұрып жатқан бес тұрғын үй жылусыз қалған.
XS
SM
MD
LG