Accessibility links

Грузияда бірнеше шенеунік тұтқындалды


Грузия премьер-министрі Бидзина Иванишвили. Тбилиси, 18 желтоқсан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Грузия премьер-министрі Бидзина Иванишвили. Тбилиси, 18 желтоқсан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Грузияда "сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар" деген айыппен бұрынғы екі министр мен төрт шенеунік тұтқындалды.

Тұтқындалғандар - бұрынғы қаржы және энергия министрі Александр Хетагури, бұрынғы білім және әділет министрі Ника Гварамия және елдегі ірі электр компаниясы "Теласидің" басшылары. Ника Гварамия қазір тәуелсіз "Рустави-2" телеарнасын басқарады.

Қаржы министрлігінің хабарлауынша, экс-министрлер "1 миллион АҚШ долларын жымқырды және басқа да заңсыздықтар жасады" деген айыппен тұтқындалған.

Қазан айындағы парламент сайлауында Бидзина Иванишвили басқаратын оппозициялық коалиция парламентте президент партиясынан басымдыққа ие болып, үкіметті қолына алған соң елде бірнеше шенеунік тұтқындалған.

Президент Михаил Саакашвили сәрсенбіде соңғы тұтқындауларды айыптап, тағылған айыптарды "ойдан шығарылған" деп атады.
XS
SM
MD
LG