Accessibility links

АҚШ еуразиялық мафия жетекшілеріне санкция салды


АҚШ Еуразия құрлығында әрекет ететін қылмыстық топ - "Бауырластар тобының" негізгі өкілдеріне қарсы санкция салды. АҚШ қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, қылмыстық топ өкілі, ұлты грузин Захарии Калашовтың активтері бұғауланып, америкалық компанияларға онымен бизнес жүргізуге тыйым салынды.

АҚШ қаржы министрлігі Калашовты "Еуразияның қылмыстық әлеміндегі ең ықпалды тұлға" деп атап, оны "қаржы жымқырды, қару-жарақ және есірткі саудасымен және басқа да заңсыз әрекеттермен айналысады" деп айыптады.

"Бауырластар тобы" - негізінен посткеңестік елдерде және бүкіл әлем бойынша әрекет ететін бандалық топтар жетекшілерінің желісі.

АҚШ үкіметі бұдан өзге, "Бауырластар тобының" тағы бір мүшесі - қырғызстандық Қамчибек Колбаевпен байланысы бар Қырғызстан азаматтары Алманбет Анапьяев пен Әділет Қасеновке де қарсы санкция қабылдады. АҚШ-тың "қара тізімінде" Колбаев бұрыннан бар. Қаржы министрлігі "Қасенов Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы қылмыстық топтардың жетекшісі" деді.
XS
SM
MD
LG