Accessibility links

Пәкістанда "Талибан" командирі қаза тапты


Пәкістанның арнайы қызмет орындары Оңтүстік Вазиристанда "Талибан" командирі Маулви Аббастың қаза тапқаны жайлы хабарлады.

Жергілікті биліктің ақпараты бойынша, Вана қаласының "Рустам" базарында жұма күні болған жарылыста әуелі үш адам қаза тапқан. Олардың арасында Аббастың ұлы да бар. Жарылыстан 6 адам жараланған.

Қауіпсіздік күштері жарылыстан соң бұған дейін өзбек исламшыл жасақтарымен байланыста болған Маулви Аббасты ұстау үшін сол аймақты қоршауға алған.
XS
SM
MD
LG