Accessibility links

«Журналиске шабуыл жасады» деген күдіктілер қамалды


«Уральская неделя» газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьяров. Алматы, 22 қазан 2012 жыл.
«Уральская неделя» газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьяров. Алматы, 22 қазан 2012 жыл.
Орал соты «Уральская неделя» газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьяровқа шабуыл жасады деп айыпталған төрт адамды қамауға санкция берді деп хабарлады «Интерфакс-Казахстан» агенттігі.

Сот баспасөз қызметінің дерегіне қарағанда, ол төрт азаматқа "адам өлтірмек болды" деген айып тағылған, күдіктілердің бірі өзге бір бап бойынша тергеуге тартылған.

Журналист Ахмедьяровты 2012 жылы 19 сәуірде Орал қаласында, өз үйінің маңында белгісіз біреулер травматикалық қарумен атып, бірнеше рет пышақтап кеткен еді.
XS
SM
MD
LG