Accessibility links

Алматы облысында жол апатынан 6 адам мерт болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Жұма күні кешке Алматы-Өскемен күре жолының 207 шақырымында «Сетра» маркалы автобус пен «Ауди-100» жеңіл көлігі соқтығысып, алты адам опат болды. Бұл туралы Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат сегіз жарым шамасында Алматы облысының Көксу ауданы аумағында болған. Жол-көлік апатының салдарынан «Ауди-100» көлігінің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы қаза тапқан.

Мерт болғандардың арасында әзірге аты-жөні белгісіз, жас шамалары 30-дың ішіндегі екі ер адам мен 2-3 жас аралығындағы 1 бала бар екендігі хабарланды.
XS
SM
MD
LG