Бүгін «Астана интернет форумы» басталды. Ақпараттық технология саласына арналған республикалық форумға блогшылар, ІТ саласының мамандары, программистер, интернетке қатысы бар өзге де мамандар қатысып отыр деп хабарлады жиыннан Азаттық тілшісі.
Форумда қазақтілді контентті дамыту жолдары, интернетті білім көзі ретінде пайдалану, әлемдік ресурстарды локализациялау, коммерциализация және т.б. мәселелер талқыланып жатыр.
"Форумның мақсаты - қазақ тілінде контент жасаушылармен, портал мен сайт иелерінің, жаңа өнімдерді ұсынушылардың өзара тәжірибе алмасып, ортақ жобалардың пайда болуына ықпал ету" дейді форумды ұйымдастырушы "Мінбер" қорының президенті Есенгүл Кәпқызы.
Астанадағы форум жұмысы екі күнге созылады.