Accessibility links

Египет оппозициясы: Референдумда бұрмалау болды


Египет оппозициясы конституция жобасын дауысқа салған референдум барысында "бұрмалаушылықтар болды" деп мәлімдеді. Өткен сенбіде жаңа конституцияны мақұлдау туралы референдумның екінші кезеңі өтіп, ресми деректер бойынша азаматтардың көпшілігі конституцияны қабылдауға қолдау білдірген.

Оппозициялық ұлттық құтқару қорының өкілдері екі кезеңнен тұрған референдумның нәтижелері "бұрмаланғандықтан" орталық сайлау комиссиясына апелляциялық шағым түсіретіндерін айтады. Онда оппозиция дауыс беру нәтижелері жарияланбай тұрып "бұрмалаушылық фактілерін" тексеруге шақырады.

Референдумның алғашқы алдын ала нәтижелерін жариялаған мемлекеттік "Әл-Ахрам" агенттігінің хабарлауынша, конституция жобасын дауыс берушілердің 64 пайызы қолдаған.

Сайлау комиссиясы дауыс берудің түпкілікті қорытындысын дүйсенбіде жариялауы тиіс.

Германия Египет оппозициясының шағымын қолдайтынын білдірді.
XS
SM
MD
LG