Тәжікстанда президент Эмомали Рахмонның соңғы 20 жылдағы өмірі туралы DVD дискілерінің жинағы шығарылды. Жинақта 27 диск бар.
Жинақтағы 20 дискіде Рахмонның билікте отырған 20 жылдағы жұмысы жайлы деректі фильмдер қамтылған. Қалған жеті дискіде оның "ел экономикасының түрлі салаларын дамытудағы рөлі" туралы баяндалады. Олардың арасында "Эмомали Рахмон және азық-түлік қауіпсіздігі", "Эмомали Рахмон және энергетикалық қауіпсіздік" сияқты деректі фильмдер бар.
Жинақ Душанбенің жекелеген сауда орындарына түскен. Оның құны - 270 сомони (56,7 АҚШ доллары). Бұл баға - елдегі орташа айлық жалақы мөлшеріне пара-пар. "Тәжіккино" компаниясының дерегінше, "жинақты саттыру үшін дилерлерді мәжбүрлемеген".