Ресей билігі президент Владимир Путинді ашық сынап жүрген блогер, 36 жастағы заңгер Алексей Навальныйдың үстінен үшінші тергеу бастады. Тергеушілер оны 2007 жылы 3 миллион АҚШ долларын "жымқырды", сол жылы өзі басқарған жарнама компаниясын "Оңшыл күштер одағы" ұйымының қаржысын ұрлау үшін пайдаланды" деп айыптады. Навальный ол айыптауларды "ақылға қонымсыз" деп бағалады.
Навальный - танымал блогер және сыбайлас жемқорлықпен күресуші. Ол соңғы жылдары Путинге қарсы наразылық акцияларын ұйымдастырып жүр. Оның үстінен қазірдің өзінде екі іс бойынша тергеу жүріп жатыр.
Навальный - танымал блогер және сыбайлас жемқорлықпен күресуші. Ол соңғы жылдары Путинге қарсы наразылық акцияларын ұйымдастырып жүр. Оның үстінен қазірдің өзінде екі іс бойынша тергеу жүріп жатыр.