Сауд Арабиясында либерал жазушы Түрки әл-Хамад "Twitter-де исламды қаралап пікір жазды" деген айыппен тұтқындалды. Туыстарының хабарлауынша, жазушыны ішкі істер министрінің ордері бойынша қамаған.
Әл-Хамад таяуда өзінің Twitter-дегі парақшасында радикалды исламшылдарды сынаған еді. Ол радикалдарды "Мұхаммед пайғамбардың өсиетін бұрмалады" деп айыптап, соңғы жазбасында ислам экстремизмін "Араб әлемінде пісіп-жетіліп келе жатқан неонацизм" деп атаған.
Оның бұл пікірлері Сауд Арабиясындағы жақтастары мен қарсыластары арасында қызу пікірталас тудырды.
Билік пен консервативті діни жетекшілер әл-Хамадты либералды ашық пікірлері үшін бұған дейін талай рет сынаған.