Accessibility links

Шекара қызметінің ұшағы апатқа ұшырады


Полковник Тұрғанбек Стамбеков, ҰҚК шекара қызметінің директоры міндетін орындаушы. Үшарал, 26 шілде 2012 жыл.
Полковник Тұрғанбек Стамбеков, ҰҚК шекара қызметінің директоры міндетін орындаушы. Үшарал, 26 шілде 2012 жыл.
ҰҚК-нің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес желтоқсанның 25-і күні кешкі сағат 18.55-те Шымкент қаласының әуежайынан 20 шақырым жерде Шекара қызметіне қарасты Астанадан Шымкентке бет алған АН-72 ұшағы құлап түскен.

Мәлімдемеде "АН-72 әуе кемесінің бортында 7 экипаж мүшесі мен 20 әскери қызметкер, оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің директоры міндетін атқарушы полковник Стамбеков Т.М. болған" деп жазылған.

Апат орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Әзірше қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. ҰҚК баспасөз қызметі тергеу-тексеру жүріп жатқанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG