Accessibility links

Депутаттар ұшақ апаты құрбандарын еске алды


Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары ұшақ апатынан қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Мәжілістің пленарлық отырысында сөйлеген мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин:

"Біз Тұрғанбек Мұхаметқалиұлын және оның әріптестерін жақсы білетін едік. Олармен бірге таяуда ғана парламентте мемлекеттік шекара туралы заң жобасына қатысты белсенді жұмыс жасағанбыз. Бұл - үлкен қайғы. Біз қаза тапқандардың барлығының туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз" деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG