Accessibility links

Шекара қызметіне уақытша басшы тағайындалды


Нұртай Әбіқаев, ҰҚК төрағасы. Шымкент, 26 желтоқсан 2012 жыл.
Нұртай Әбіқаев, ҰҚК төрағасы. Шымкент, 26 желтоқсан 2012 жыл.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев Шымкентте өткен брифингте шекара қызметі директорының бірінші орынбасары Абай Брекешевті мекеме директорының міндетін уақытша атқарушы етіп тағайындағанын мәлім еткен.

25 желтоқсанда Шымкент маңында шекара қызметінің ұшағы апатқа ұшырап, борттағы 27 адам түгел қаза тапқан еді. Олардың арасында шекара қызметінің директоры Тұрғанбек Стамбеков те болған.
XS
SM
MD
LG