Accessibility links

Бүгін - ұшақ апаты құрбандарын аза тұту күні


Шымкенттегі ұшақ апатынан қаза тапқан 27 адамның 26-сы - шекара қызметкерлері. (baq.kz сайтындағы суреттің скриншоты)
Шымкенттегі ұшақ апатынан қаза тапқан 27 адамның 26-сы - шекара қызметкерлері. (baq.kz сайтындағы суреттің скриншоты)
Бүгін, 27 желтоқсан - Қазақстанда ұшақ апатынан қаза тапқан шекарашыларды жалпы ұлттық аза тұту күні.

Желтоқсанның 25-і күні кешке Шымкент маңында ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің ұшағы құлап, борттағы 27 адамның бәрі қаза тапқан еді. Олардың ішінде 7 адам - экипаж мүшелері, 20 адам - шекарашы әскерилер. Қаза тапқандар арасында шекара қызметінің директоры Тұрғанбек Стамбеков те бар.

Қазақстан президент Нұрсұлтан Назарбаев кеше желтоқсанның 27-сін қаза тапқандарды жалпы ұлттық аза тұту күні деген өкім шығарған. Аза тұту күнінде барлық мемлекеттік мекемелердегі тулар түсіріледі, мемлекеттік телеарналарда көңілашар бағдарламалар мен жарнамалар желтоқсанның 28-іне дейін көрсетілмейді.
XS
SM
MD
LG