Accessibility links

Қытайда жүрдек пойыздың ең ұзын теміржолы ашылды


Қытайдың CRH380 жүрдек пойызы. (Көрнекі сурет).
Қытайда жүрдек пойызға арналған әлемдегі ең ұзын теміржол ашылды. Теміржол Қытайдың оңтүстігіндегі ірі экономикалық аймақ - Гуанчжоуды Пекинмен байланыстырады.

Енді екі аймақ арасындағы үш мың шақырымға жетерлік жолды сегіз сағатта жүріп өтуге болады. Жүрдек пойыздың жылдамдығы - сағатына 300 километр. Жолда 35 станцияға тоқтайды.

Қытай мемлекеттік телеарналарының хабарлауынша, жаңа теміржол ашылған соң, Қытайдағы жүрдек пойызға арналған теміржол желісінің жалпы ұзындығы 9300 километрге жеткен.
XS
SM
MD
LG