Оңтүстік Африка республикасының (ОАР) бұрынғы президенті, 94 жастағы Нельсон Мандела ауруханадан шықты. ОАР билігі өкілінің хабарлауынша, үш аптаға жуық ауруханада жатқан Мандела тыныс жолдары ауруынан емделіп, өтінен тас алдыру операциясын жасатқан. Ол бұдан ары үйінде емделмек.
27 жыл түрмеде отырып, 1990 жылы бостандыққа шыққалы бері Нельсон Манделаның ауруханада ұзақ емделгені - осы үш апта.
Бейбітшілікке қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығын алған Мандела апартеидпен белсенді күресіп, 1994 жылы елдің алғашқы қара нәсілді президенті болды. Ол бұрын мемлекетті басқарған саны аз ақ нәсілділер мен елде басымдыққа ие қара нәсілділерді бітістіруде маңызды рөл атқарған.