Accessibility links

Грузия президенті рақымшылық заңына вето қойды


Грузия президенті Михаил Саакашвили. Брюссель, 14 қараша 2012 жыл.
Грузия президенті Михаил Саакашвили. Брюссель, 14 қараша 2012 жыл.
Грузия президенті Михаил Саакашвили парламенттегі қарсыластары бекіткен, түрмеден 3 мың тұтқынды босату туралы заң жобасына вето қойды.

Саакашвили депутаттардың 200 адамды саяси тұтқын деп жариялау шешіміне қарсылық танытып, оны "Грузияны диктаторлық режимге ұқсатады" деп сынады.

Саакашвили бұған қоса рақымшылыққа ұсынылған тұтқындар арасында педофильдер, "Ресейге тыңшылық жасады" деп сотталғандар, "мемлекетке сатқындық жасады" деп айыпталған офицерлер бар екенін айтты.

Кейбір сыншылар тұтқындар арасында Саакашвилидің жақтастары басқарған үкімет тұсында саяси қуғын-сүргін көрген адамдар барын айтады.

Енді Саакашвилидің ветосын еңсеру үшін оған парламенттің кем дегенде 89 депутаты қарсылық танытуы тиіс. Сарапшылар "парламент мұны оңай істейді" деп санайды.

Саакашвилидің партиясы қазанда өткен парламент сайлауында қазіргі премьер-министр Бидзина Иванишвили басқарған "Грузия арманы" коалициясынан жеңіліп қалған еді.
XS
SM
MD
LG