Египет бас прокуратурасы оппозиция жетекшілерінің үстінен "жақтастарын президент Мұхаммед Мурсиді биліктен кетіруге айдап салды" деген күдікпен тергеу жүргізуге бұйрық берді.
Құқық қорғау органдарының дерегі бойынша, тергеуге Нобель сыйлығының лауреаты Мұхаммед әл-Барадей, Араб лигасының бұрынғы төрағасы Әмір Мұса және Хамдин Саббахи тартылмақ. Әмір Мұса мен Хамдин Саббахи маусымда өткен президент сайлауына үміткер болған. Олардың үстінен тергеу жүргізуге байланысты шағым өткен айда түскен еді.
Оппозиция жетекшілері тергеуге қатысты ешқандай түсінік бермеді.
Бірақ Әл-Барадей басқаратын партияның баспасөз хатшысы Эмад Абу Гази тергеуді "саяси қарсыластардың көзін жоюға бағытталған іс" деп атады.