Accessibility links

Путин "Дима Яковлев заңына" қол қойды


Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 20 желтоқсан 2012 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 20 желтоқсан 2012 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин ресейлік балаларды АҚШ азаматтарының асырап алуына тыйым салатын "Дима Яковлев заңына" қол қойды. Заң АҚШ-тың "Магнитский актісіне" жауап ретінде ұсынылған еді. Акт заңгер Сергей Магнитскийдің қазасына және адам құқықтарының бұзылуына қатысы бар делінген Ресей шенеуніктеріне виза беруге шектеу қойып, олардың активтерін құрсаулауға бағытталған.

Бала асырап алуға тыйым салу заңы Ресей мен АҚШ-тың қарым-қатынасын шиеленістіріп жіберді. Құқық қорғаушылар заңды "жетім балалар тағдырына кері әсер етеді" деп сынаған.

Заң 2013 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
XS
SM
MD
LG