Accessibility links

Қытай сыртқы істер министрі көңіл айтты


Апатқа ұшыраған "Ан-72" ұшағының сынықтары. Шымкент, 26 желтоқсан 2012 жыл.
Апатқа ұшыраған "Ан-72" ұшағының сынықтары. Шымкент, 26 желтоқсан 2012 жыл.
Қытай Халық республикасының сыртқы істер министрі Ян Цзечи Қазақстанға Шымкент маңында "Ан-72" ұшағының апатқа ұшырап, адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеделхатта "Адам шығынына әкеп соққан "Ан-72" ұшағының апатқа ұшырауы туралы хабарды қайғыра қабылдадым. Қытай сыртқы істер министрлігі және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамаын" делінген.

25 желтоқсанда Шымкент маңында шекара қызметінің "Ан-72" әскери көлік ұшағы апатқа ұшырап, бортындағы 27 адам түгел қаза тапқан еді. Олардың арасында шекара қызметінің директоры Тұрғанбек Стамбеков те болған.
XS
SM
MD
LG