Accessibility links

Семейде ұшақ апатынан қаза тапқан азаматтардың бірі, шекара қызметінің бас басқармасы бастығы міндетін атқарған полковник Ерғали Нұрлашев жерленді деп хабарлайды ҚазТАГ.

44 жастағы Ерғали Нұрлашев шекара қызметінде 1989 жылдан бері еңбек еткен.

2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкент маңында шекара қызметінің "Ан-72" әскери ұшағы апатқа ұшырап, бортындағы 27 адам түгел қаза тапқан еді. Қазір марқұмдардың 21-інің мәйіттері танылып, туыстарына берілді.

Прокуратура ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғап, сарапшылар апат себебін тексеріп жатыр.

AzattyqTV

Террорға қарсы күрес

"ИМ" тобын тықсырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG