Accessibility links

Тәжік оппозициясы жетекшісі тағылған айыпты терістеді


Бір топ тәжік белсенділері Мәскеудегі БАӘ елшілігі алдында Умаралы Куватовтың Тәжікстанға экстрадициялануына наразылық танытып тұр. 25 желтоқсан 2012 жыл.
Бір топ тәжік белсенділері Мәскеудегі БАӘ елшілігі алдында Умаралы Куватовтың Тәжікстанға экстрадициялануына наразылық танытып тұр. 25 желтоқсан 2012 жыл.
Дубайда тұтқындалған тәжік оппозициясының жетекшісі Умаралы Куватов отандастары мен жақтастарын "Тәжікстан үкіметінің өзіне таққан алаяқтық жасады деген айыбына сенбеуге" шақырып, президент Эмомали Рахмонды "елде тоталитаризм орнатып отыр" деп айыптады.

Жаңа жыл қарсаңында Дубай абақтысынан жолдаған үндеуінде ол "Соңғы жылдардағы өмірім Тәжікстан президентінің тоталитарлық режиміне қарсы күреске арналды. Мені тұтқындау - тәжік халқының езгіге түсуіне қарсы ашық күресімнің тікелей "нәтижесі" деген.

Куватов 23 желтоқсанда Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) астанасы Дубайда Тәжікстан үкіметінің талабы бойынша тұтқындалған еді. Оған "алаяқтық жасап, 1 миллион 200 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырды" деген айып тағылған. Бұрын Эмомали Рахмонның қызының бизнес мәселелері бойынша кеңесшісі болған ол 2012 жылы "24 тобы" деп аталатын оппозициялық қозғалыс құрған.
XS
SM
MD
LG