Accessibility links

Иракта премьердің отставкаға кетуін талап етті


Наразылық шеруі. Сада қаласы, Ирак, 3 қаңтар 2013 жыл.
Наразылық шеруі. Сада қаласы, Ирак, 3 қаңтар 2013 жыл.
Иракта мыңдаған наразылық танытушылар бейсенбіде түрмедегі тұтқындарды босатуды және премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бір аптаға созылған шерулерге негізінен елдің сүнниттер басым тұратын аймақтарының тұрғындары қатысып жатыр.

Шииттердің діни жетекшісі Мұқтада әл-Садр сүнниттердің наразылық шерулерін қолдаған соң, оған Бағдат пен елдің оңтүстік аймақтарындағы шиттер де қосылды.

Шерушілердің кейбір талаптарын орындауға тырысқан билік түрмедегі 11 әйелді босатып, сотталған өзге әйелдерді өздері тұратын аймақтардағы түрмелерге ауыстыруға уәде берді.

Сүнниттер шииттерден шыққан премьер Нури әл-Малики үкіметіне "терроризмге қарсы күрес туралы заңды өздеріне қарсы пайдаланып отыр және кемсітеді" деп наразылық білдіреді.
XS
SM
MD
LG