Accessibility links

Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа елшісі тағайындалды


Ақорда - Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы.
Ақорда - Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы.
Қазақстан президентінің жарлығымен Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ақпарат президенттің ресми сайтында жарияланды.

2009 жылдан бері Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінде болған Қайрат Омаров оның алдында Қазастанның Үндістандағы төтенше және өкілетті елшісі әрі Шри-Ланка мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы болып жұмыс істеген.
XS
SM
MD
LG