Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев православ христиандары мен қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады. Оның мәтіні бүгін президенттің ресми сайтында жарияланды.
Былтырғы жылы елде "діни бірлестіктердің қайта тіркеуден өтуінің аяқталуы - қоғамдық өмірдегі басты оқиғалардың бірі" деп бағалаған Назарбаев бүгінде "Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігіне айналған православ дін өкілдері елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына, конфессияаралық қатынастардың үндестігіне сүбелі үлес қосып" жатқанын атап өткен.
"Рождество күндері мәңгілік адамгершілік құндылықтарды сақтай отырып, сүйіспеншілік пен ізгілікті, ақ ниет пен рухани тазалықты әрбір жүрекке жеткізеді. Осы арқылы қазақстандықтардың бойына өзара сыйластық, кемелдікке ұмтылу, ізгі істер жасау секілді жоғары адами қасиеттердің сіңуіне ықпал етеді. Жақындарымызға, өз халқымызға, өз елімізге деген сүйіспеншілік барлығымызды мызғымастай біріктіре түссін" делінген мемлекет басшысының құттықтауында.