Accessibility links

Мемлекеттік стипендиялар тапсырылды


Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 14 желтоқсан 2012 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 14 желтоқсан 2012 жыл.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев әдебиет және өнер қайраткерлеріне президенттік және мемлекеттік стипендияларды бүгін Алматыдағы резиденциясында тапсырды.

ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, сыйлықты тапсыру салтанатында Назарбаев: «Мен әр кез біздің қоғамдағы мәдениеттің, рухани биіктіктің даму мәселесі экономикалық өсім сияқты, немесе халықтың әл-ауқатының өсуі сияқты маңызды деп санадым. Біз тәуелсіздігіміздің барлық жылдарында мәдениеттің дамуына үлкен көңіл бөлгенбіз. ...Мен Қазақстан өз тарихында мұндай мәселелермен соншалықты көңіл бөліп айналысқан жоқ деп ойлаймын» деді.

Президенттің әдебиет және өнер саласындағы стипендиясы 1995 жылдан бастап отандық мәдениеттің дамуына қосқан үлкен үлесі үшін беріліп келеді. Ал мемлекеттік стипендия 2000 жылы "жас дарындарды қолдау үшін" тағайындалған.
XS
SM
MD
LG