Бішкектің Бірінші май аудандық сотында "Ата-Жұрт" партиясының Жоғарғы кеңестегі депутаттары Қамчыбек Ташиев, Садыр Жапаров және Талантбек Мамытов бастаған адамдардың үстінен сот басталды.
Депутаттарға "билікті күшпен басып алуға әрекет жасады" деп айыпталған еді. Олар 2012 жылдың 3 қазанында Құмтөр алтын кенішін мемлекет меншігіне алуды талап еткен наразылық акциясынан соң тұтқындалған.
Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, сотқа айыпталушылардың туған-туыстарынан өзге депутаттар, қоғамдық-саяси ұйымдардың өкілдері де қатысып отыр. Сот жүріп жатқан маңда қауіпсіздік шаралары күшейтілген.