Accessibility links

Елші: Қытайлар Қырғызстан заңын құрметтейді


Қырғыздар мен қытай жұмысшылары арасында төбелес болған жерде жүрген полицейлер. Ош облысы, 9 қаңтар 2013 жыл.
Қырғыздар мен қытай жұмысшылары арасында төбелес болған жерде жүрген полицейлер. Ош облысы, 9 қаңтар 2013 жыл.
Қытайдың Қырғызстандағы консулы Ли Баоцзюнь осы елдегі қытайлардың Қырғызстан заңдарын құрметтейтініне уәде берді.

Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, консул мұны Ош қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Сүйүн Өмірзақовпен кездескен соң мәлімдеген. Консулдың сөзінше, 9 қаңтарда облыстың Үзген ауданы Куршаб ауылында қытай жұмысшылар мен жергілікті қырғыздар арасында болған төбелес "кездейсоқ туындаған".

"Оқиғаның артында қандай да бір арам пиғыл болған жоқ. Біз ол жерде жұмыс істейтін азаматтарымызбен сөйлесіп, оларды Қырғызстанның заңдарын сақтауға міндеттедік" деді Ли Баоцзюнь. Ол ел аузындағы "төбелеске Қытай түрмелерінде отырған тұтқындар қатысқан" деген сөздерді жоққа шығарып, қытай жұмысшылардың барлығы Қырғызстанға заңды түрде келген мигранттар екенін айтты.
XS
SM
MD
LG