Accessibility links

Ауған президенті Пентагон басшысымен кездесті


Ауғанстан президенті Хамид Карзай (сол жақта) мен АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта. Вашингтон,10 қаңтар 2013 жыл.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай (сол жақта) мен АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта. Вашингтон,10 қаңтар 2013 жыл.
АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта Вашингтон мен Кабул "қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ете алатын егеменді Ауғанстанды құрудың соңғы кезеңіне жеткенін" мәлімдеді.

Пентагонда Ауғанстан президенті Хамид Карзаймен кездескен Леон Панетта АҚШ-тың 2014 жылы әскерін алып кеткеннен кейін де Ауғанстанға көмек көрсете беретінін айтты.

Хамид Карзай бүгін АҚШ президенті Барак Обамамен кездеседі.

Вашингтон мен Кабул бұдан бұрын АҚШ әскерінің 2014 жылдан кейін ауған қауіпсіздік күштерін оқыту және қолдау миссиясын басқаруы туралы келіссөздер бастаған.
XS
SM
MD
LG