Жапония үкіметі экономиканың дамуын көтеру үшін 10 триллион 3 миллиард иен (116 миллиард доллар) қаржы пакетін бөлуге шешім қабылдады.
Бөлінген қаржы 2011 жылғы жер сілкінісі мен цунамиден зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіруге, экономикалық аймақтарға қолдау көрсетіп, инвестиция тартуға, инфрақұрылымды дамытуға жұмсалмақ. Білім беру мен әлеуметтік қауіпсіздікті дамытуға да қаржы бөлінбек.
Үкіметтің есебі бойынша, осынша қаржы жұмсалған соң Жапония экономикасының өсімін 2 пайызға артып, қосымша 600 мың жұмыс орны ашылмақ.
Экономикалық қуаты жөнінен әлемдегі үшінші ел - Жапония экономикасының өсімі әлемдік сұраныс азайып, оның салдарынан экспорт көлемі кеміген соң баяулап, рецессияға ұшыраған.
"Өкінішке орай, бұған дейінгі үкімет экономикалық өсімді тұрақты ұстап тұра алмады. Бізде қосымша жұмыс орындарын ашып, кономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін кірісті көбейтетін стратегия болғаны жөн" деді премьер-министр Синдзо Абэ.