Accessibility links

Ресей шетел журналистері туралы заң дайындамақ


Ресейлік ардагер журналист Владимир Познер журналистермен кездесіп отыр. Қазан, 28 қараша 2012 жыл.
Ресейлік ардагер журналист Владимир Познер журналистермен кездесіп отыр. Қазан, 28 қараша 2012 жыл.
Ресей мемлекеттік думасы келесі аптаның соңына дейін шетелдіктердің мемлекеттік ақпарат құралдарында жұмыс істеуіне тыйым салатын заң жобасын дайындауды жоспарлап отыр.

Парламент депутаты Михаил Старшиновтың журналистерге айтуына қарағанда, құжат шетелдіктердің "Ресейдің беделіне нұқсан келтіруінен сақтану үшін" дайындалмақ.

Өткен аптада мемлекеттік думаның бір топ депутаты шетелде туған ресейлік журналист Владимир Познердің АҚШ азаматтарына ресейлік балаларды асырап алуға тыйым салған заңды сынаған мәлімдемесіне наразылық білдірген еді.

Ресей ақпарат құралдары шетел журналистеріне тыйым салатын заңды "Познерге қарсы заң" деп атады.

Владимир Познер Ресей, АҚШ және Франция азаматтығына ие.
XS
SM
MD
LG