Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
AzattyqTV
7 – 11 қаңтар 2013 жыл
11 қаңтар 2013 жыл, 19:36
Өткен аптаның сурет баяны
1
Қазақстан кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов қылмыстық кодекстің 311-бабы бойынша («аса ірі көлемде пара алу») 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Қосмұратовтың үкімі бойынша, экс-шенеуніктің дүние-мүлкі тәркіленеді. Астана, 8 қаңтар 2013 жыл.
2
Қаржы полициясы Серік Баймағамбетовтің «80 мың доллар көлеміндегі параны облыстық кедендік бақылау департаменттерінің бірінің бастығының орынбасары қызметіне тағайындағаны үшін және оған қорғаныш болғаны үшін» алғанын айтады. Суретте: Алма Баймағамбетова, сотталған Серік Баймағамбетовтің қарындасы. Астана, 8 қаңтар 2013 жыл.
3
Экс-шенеунік Серік Баймағанбетов сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді. Суретте: Владимир Халюткин, Серік Баймағанбетовтың адвокаты. Астана, 8 января 2013 года.
4
Ақтөбе облысында діни әдебиет сатуға рұқсат етілген дүкендер тізімі бекітілді. Суретте: "Муслима" дүкенінде діни әдебиет қарап тұрған қыз. Ақтөбе, 9 қаңтар 2013 жыл.
5
Ақтөбеде тек сегіз дүкенде діни әдебиет сатуға рұқсат етілген. Ал аудан орталықтарында жергілікті әкімдік бекіткен бір дүкен жұмыс істей алады. Суретте: "Муслима"дүкеніндегі кітап сөрелері. Ақтөбе.
6
9 қаңтарда Қазақстан үкіметі республика аумағында міндетті түрде таралуы тиіс теле- және радиоарналардың тізімін бекітті. Тізімге енген 14 арна – «Қазақстан», «Мәдениет», «Балапан», «Хабар», «Еларна», Kazakh TV, «Білім», 24 KZ, «Астана», КТК, НТК, «7 арна», «31 арна» және СТВ. Бұл 14 арнаның хабарын елдегі спутниктік және кабельдік операторлар міндетті түрде тарату керек. Көрнекі сурет.
7
Қаңтардың 11-і күні «Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салу бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Жобаны қолдаушылар, «Көкжайлау» курортының «құрылысы басталса, 5 мың 300 жұмыс орны ашылып, 20 жылдың ішінде қала бюджетіне 5 миллиард доллар пайда түседі» дейді. Көрнекі сурет.
8
Кейбір экологтардың сөзінше, «Көкжайлау» тау шаңғысы курортының құрылысы кезінде кафе мен мейманханалар салу үшін 27 гектар жердің ағашын кесу табиғатқа кесірін тигізеді. Эколог Мэлс Елеусізов «Көкжайлау» жобасына қарсы болып, оданша «Шымбұлақты» дамыту керек екенін айтады. Көрнекі суретте: Іле-Алатау ұлттық паркінің өрттен кейінгі жағдайы. Алматы, 7 қыркүйек 2012 жыл.
9
Алматы метросының директоры Қыдырал Бегасылов Азаттықтың онлайн-конференциясына қатысып, оқырмандар сұрақтарына жауап берді. Метро басшысы «келер жылы метроның ұзындығы 10 шақырымға жететінін» айтты. Алматы, 10 қаңтар 2012 жыл.
7 – 11 қаңтар 2013 жыл
Recommended
Сот журналист Амангелді Батырбековтің ісін қайта тергеуге жіберді
Back to top
XS
SM
MD
LG