Accessibility links

Ауа райының жылынуы мен жаңбырдың салдарынан Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында 40 шақты үйді су басқан деп хабарлады бүгін "Интерфакс Қазақстан" агенттігі.

«Алдын ала деректер бойынша, қаңтардың 11-і күнгі жаңбырдан Жылға ауылдық округінде екі үй құлады", — деп хабарлаған Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Серік Астанбеков.

Шенеунік судан бүлінген екі үйдің тұрғындары туыстарын паналағанын, ал тағы 38 үйдің адамдары өз баспаналарында тұрып жатқанын айтқан.

«Оларды су толық басқан жоқ, тұруға жарайды» деген Серік Астанбеков.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG