Accessibility links

Пәкістанда діни жетекші үкіметке доқ көрсетті


Пәкістан мұсылмандарының басты діни жетекшісі Мұхаммад Тахир-ул-Қадри.
Пәкістан мұсылмандарының басты діни жетекшісі Мұхаммад Тахир-ул-Қадри.
Пәкістандағы мұсылмандардың діни жетекшісі Мұхаммад Тахир-ул-Қадри Исламабадта жиналған мыңдаған жақтастарының алдында сөйлеп, "керек болса, үкіметті бірнеше сағатта-ақ құлата алатынын" мәлімдеді.

Тахир-ул-Қадри мен оның мыңдаған жақтасы Лахор қаласынан шығып, "Демократия маршы" деп аталған шерумен дүйсенбіде Исламабадқа кірген. Қадри осы көктемде болатын жалпыұлттық сайлаулар қарсаңында елдің сайлау жүйесіне түбегейлі реформалар жасауды талап еткен.

Пәкістан билігі бірнеше жыл Канадада болып, өткен айда ғана елге оралған Қадриді "сайлаудың шырқын бұзбақ" деп айыптады.
XS
SM
MD
LG