Accessibility links

Алматы облысында діни әдебиеттер сататын орындар анықталды


Алматы қаласы орталық мешітінің жанындағы діни заттар мен әдебиеттер сатылатын жайма сөрелер. Алматы, 14 қазан 2012 жыл.
Алматы қаласы орталық мешітінің жанындағы діни заттар мен әдебиеттер сатылатын жайма сөрелер. Алматы, 14 қазан 2012 жыл.
Алматы облысында діни әдебиеттерді сататын орындар анықталды деп хабарлайды облыстық дін істері департаментіне сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігі.

Департамент маманы Қазыбек Омаровтың айтуынша, діни әдебиеттер енді облыс көлемінде тек бес сауда орынында және оларға қосымша ресми тіркеуден өткен 498 түрлі діни бірлестіктердің кеңселері мен олардың филиалдарында ғана сатылады.

Алматы облысы әкімшілігі шығарған қаулыға сәйкес бұдан былай діни әдебиеттерді Талдықорған қаласында "Әлемді" сауда үйінен, Қапшағай қаласында "Салтанат" сауда орнынан, Қаскелеңде "Алатау" сауда үйінен және Жаркент пен Сарқандта (аудан орталықтары) "Кітап" дүкендерінен ғана сатып алуға болады.

Қаулыда көрсетілгеннен басқа жерлерде діни әдебиеттерді сату - заңсыз болмақ.
XS
SM
MD
LG